Дәкелер және таңғыштар

Медициналық көрсеткіштері:

  • Көктамырдың созылмалы ауруларын емдеу және алдын алу.
  • Буындар, байламдар және бұлшық еттердің дене жүктемесі кезінде жарақаттануының алдын алу.
  • Жедел алғашқы көмек көрсету - дененің жарақаттанған бөлігін бекіту.
  • Жарақаттан кейінгі қалпына келу.

Көбірек біліңіз


ELAST 9512

Медициналық, серпімді таспа тәрізді компрессиялық дәке

Көктамырдың варикоздық кеңеюінің, сонымен қатар, буынның тайып кетуі, сіңір созылуы, ісіктер және басқа да жарақаттар асқынған жағдайда емдеу мен алдын алуға арналған.

Шикізат құрамы: созылғыштығы орташа дәке: мақта – 75%, латекс – 17%, полиэстер – 8 %, : мақта – 80%, полиэстер – 15%, латекс – 5% созылғыштығы төмен дәке: мақта – 92%, полиэстер – 8%

Қыспалары бар. Созылғыштығы: орташа, жоғары, төмен.

 

ELAST 9512 Lycra

Жайлылығы мен тозуға тұрақтылығы жоғары медициналық, серпімді таспа тәрізді компрессиялық дәке

Көктамырдың варикоздық кеңеюінің, сонымен қатар, буынның тайып кетуі, сіңір созылуы, ісіктер және басқа да жарақаттар асқынған жағдайда емдеу мен алдын алуға арналған. Ота жасау барысында тромбоз және эмболияның алдын алу үшін ұсынылады.

Шикізат құрамы: мақта – 75%, полиэстер – 16%, лайкра – 9 %.

Қыспалары бар. Созылғыштығы – орташа. Жиектері әрленген. Latex free.

ELAST 9701

Медициналық, серпімді, торлы, түтікше тәрізді, бекіткіз, залалсыздандырылған таңғыш

Дәкелерді қолайлы және тиісті бекітіп ұстауға арналған.

Шикізат құрамы: лайкра – 50%, полиэстер – 39%, полиамид– 11%

ELAST 9605

медициналық, серпімді түтік тәрізді компрессиялық дәке

сіңір созылуының, буын тайып кетуінің, созылмалы тромбофлебиттер, көктамырдың варикоздық кеңеюінің алдын алу және емдеуге арналған. Дәкені таңғыш құралдарын бекіту үшін және буын мен бұлшық еттің жылуын сақтау үшін қолдану ұсынылады.

Шикізат құрамы: мақта – 43%, жартылай түбіт – 43%, латекс – 9%, полиэстер – 5%.

Дәкені қолдану таңу дағдыларының болуын талап етпейді.

ELAST 0110

Қолды таңуға арналған ұстап тұратын медициналық таңғыш

Сынықтардан, сіңір созылуы мен хирургиялық шаралардан кейінгі сауықтыру кезеңінде қолайлы бекіту үшін арналған.

Шикізат құрамы: полиамид – 100%.